Заң

Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған азамат сотталды

Үкім заңды күшіне енді.

Мойынқұм аудандық соты балық ресурстарын заңсыз аулады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сотта анықталғандай, ол 2025 жылдың қазан айында балық аулауға тыйым салынған кезеңде Балқаш көліне моторлы қайықпен шығып, ұзындығы 2 100 метрлік балық аулау торын орнатқан. Азамат құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған.

Заңсыз әрекеттер салдарынан 109 келіден астам балық ауланып, мемлекетке 400 мың теңге шығын келтірілген.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 1 жылға балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Келтірілген залал толық өндірілді, балық тәркіленіп, моторлы қайық иесіне қайтарылды.