жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бюджеттің 500 мың теңгесін жымқырған әкім сотталды

Бюджеттің 500 мың теңгесін жымқырған әкім сотталды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы прокуратура мәлім етті

Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды.

Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

– Абай облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз ету және мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жалғастырады, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар