жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Мемлекетке келтірілген залал 795 млн теңге": Қостанай тұрғыны минералды түзілімдерді заңсыз сатқан

"Мемлекетке келтірілген залал 795 млн теңге": Қостанай тұрғыны минералды түзілімдерді заңсыз сатқан
Фото - ашық дереккөз
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды

Қостанай облысының прокуратурасы Арқалық кен орнынан техногендік минералды түзілімдерді (ТМТ) заңсыз иемденген және сатқан Қостанай облысының тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2024 жылғы қазан мен 2025 жылғы тамыз аралығында тиісті лицензиясыз мемлекетке тиесілі сазды заңсыз алып, оны ЖШС арқылы елдің оңтүстік облыстарындағы кәсіпорындарға сатқан. Ұрланған шикізаттың жалпы көлемі 15 мың тоннадан астам, ал мемлекетке келтірілген залал 795 млн теңгеден асты.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің аса ірі ұрлық, заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша бағаланды. Заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстар үшін мүлікті тәркілеу және он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар