Заң

Пәтерде "кездеспек" болған: Алматыда жас қызбен танысқан азамат қылмыс құрбаны болды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы қаласында полицейлер желіде танысу тізбегі бойынша жасалған тағы бір тонау қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болды. Қысқа әңгімелесуден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі.

 Алайда кездесудің ортасында пәтерге өзін қыздың "ағалары" ретінде таныстырған үш ер адам кіріп келіп, оның кәмелетке толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сондай-ақ олар оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.