жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған": алаяқ 8 адамды шығынға батырды

"Пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған": алаяқ 8 адамды шығынға батырды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

— Алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Мысалы, жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады, — делінген хабарламада.

Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар