"Пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған": алаяқ 8 адамды шығынға батырды
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.