Заң
Петропавлда 33 жастағы азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қаңтар, 2026
- 166
Полиция мәліметінше, сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы үш түйіншек табылды
Петропавлда 33 жастағы азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Петропавлда тұрақты табысы бар 33 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны үшінші қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстады. Жеке тінту барысында ер адамның жанынан түсті зат салынған жиырма екі түйіншек тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы үш түйіншек табылды.
"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен 25 грамды құрайтын α-PvP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ер адам 2025 жылдың қараша айынан бері есірткі сатуымен айналысқан", делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026






