жұма, 5 желтоқсан, 2025 22:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция адам өлтіру қылмысын ашты: күдікті ұсталды

Полиция адам өлтіру қылмысын ашты: күдікті ұсталды
Фото: Zakon.kz
ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері 2022 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында жасалған қылмысты ашты.

 Күдікті марқұмның 1,5 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алу үшін осындай қылмысқа барған. Кейін ізін жасыру мақсатында қаскүнем мәйітті оқиға болған жерден алып кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  zakon.kz сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскөй ұсталып, қамауға алынды. Тергеу әрекеттері кезінде ол жасаған ісін мойындап, кінәсін толық мойындады.

Айғақтарды тексеру кезінде Алматы қаласы маңында су құбырлары жанынан қазба жұмыстары жүргізіліп, адам сүйектерінің фрагменттері табылды.

Сот-генетикалық сараптама нәтижесінде олардың марқұмға тиесілі екені анықталды. Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр.

Тергеу органдары істі сотқа жолдау үшін сотқа дейінгі тергеу материалдарының толықтығын қамтамасыз етуде.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар