Заң

Шымкентте алимент төлемеген азаматтардың көлігі айыптұраққа қойылды

Бұл туралы прокуратура мәлімдеді

Шымкент қаласында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара барысында жеке сот орындаушыларының қатысуымен борышкерлердің атына тіркелген автокөліктер тексерілді.
Прокуратураның тапсырмасымен 36 алимент төлемей жүрген тұлғаның көлігіне қатысты ұстап, арнайы тұраққа жеткізу туралы қаулы шығарылды.