Шымкентте заң бұзушылыққа жол берген 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 12:30
- 53
Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушыларының (бұдан әрі - ЖСО) борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастау және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғау фактілерін (ЖСО еңбек демалысында болған кездерінде, олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған) анықтаған.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің атына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген.
Ұсынуды қарау нәтижесінде 85 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сонымен қатар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясынан (бұдан әрі – лицензия) айыру туралы сотқа талап қою енгізілді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып 12 ЖСО лицензиядан айырылдығ.
Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады және бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту өнінде шаралар қабылдайды.





