Тергеу изоляторындағы камераны бүлдірген азаматтың жазасына тағы бір жыл мерзім қосылды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026
- 86
Қарағандыдағы тергеу изоляторында бейнекамераны бүлдіргені үшін кінәлі азаматқа қосымша жаза тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Соттың анықтауынша, 2024 жылғы 13 қыркүйекте ол тергеу изоляторындағы камерада бола отырып, мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген. Салдарынан 90 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
- Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді. Сонымен қатар сотталған азаматтан мекеме пайдасына 90 мың теңгеден астам материалдық шығын өндірілді, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
«Қаржы пирамидасына қатысы бар»: Күдікті Грузиядан елге жеткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026
Таразда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдікті қолға түсті
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 наурыз, 2026






