Заң

Тергеу изоляторындағы камераны бүлдірген азаматтың жазасына тағы бір жыл мерзім қосылды

Сонымен қатар мекеменің материалдық шығынын өтеді

Қарағандыдағы тергеу изоляторында бейнекамераны бүлдіргені үшін кінәлі азаматқа қосымша жаза тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соттың анықтауынша, 2024 жылғы 13 қыркүйекте ол тергеу изоляторындағы камерада бола отырып, мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген. Салдарынан 90 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.