жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер: заңсыз көші-қон үшін жаза 10 жылға дейін ұзартылды

Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер: заңсыз көші-қон үшін жаза 10 жылға дейін ұзартылды
Pixabay.com
Тиісті заңға Мемлекет басшысы биылғы жылдың 16 шілдесінде қол қойды

2025 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту мен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысты жазаны едәуір күшейтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлағандай, түзетулер Қылмыстық кодекстің 392 және 394-баптарына енгізілді. 392-бапқа сәйкес, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткендер 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Сонымен қатар жаңа 1-1-бөлік қосылды. Ол бойынша шекараны адамдар тобы болып, қайталап немесе әдейі тыйым салынған жерлерде кесіп өту 3000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады және міндетті түрде елден шығару шарасы қолданылады. Ал баптың 2-бөлігінде жаза мерзімі 4 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.

394-бапқа енгізілген өзгерістер заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысты. Енді мұндай қылмыс үшін ең төменгі жаза 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды, айыппұл көлемі 2000-нан 3000 АЕК-ке дейін белгіленді. Баптың 2-бөлігіне сәйкес, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғандар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және 7000 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Аса ауыр жағдайларда жаза мерзімі 10 жылға дейін жетеді.

Аталған түзетулердің нәтижесінде бұл қылмыстар шағын ауырлық санатынан орташа ауырлық санатына ауысады. Демек, енді қылмыстық жауапкершілік тек жасалған әрекет үшін ғана емес, дайындық пен қылмысқа оқталу кезеңінде де қарастырылады.

Шекара қызметі тергеу барысында топ болып жасалған әрекеттерге, алдын ала сөз байласу арқылы ұйымдастырылған құқық бұзушылықтарға және қайталанған қылмыстарға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар