Заң

"Заңсыз айналым": Биыл елімізде 118 қару мен 15 граната тәркіленген

Оның ішінде 6 «Калашников» автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша бар

Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
ҰҚК мәліметінше, нәтижесінде 118 қару тәркіленді. Оның ішінде 6 «Калашников» автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша бар. Сондай-ақ 15 граната мен 859 оқ-дәрі алынған.