Жыл басынан бері айналымға шамамен үш тонна есірткі жіберілмеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 сәуір, 2026
- 52
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Биыл үш айда 34 жасырын есірткі зертханасы жойылды: 10-ы синтетикалық есірткі өндіру бойынша, 24-і - фитозертхана. Мысалы, Талдықорған қаласында шетел азаматтары бірден екі есірткі зертханасын ұйымдастырған. Жабдықтар, реагенттер және дайын есірткі өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекеттері DarkNet арқылы жүргізілген. Жалпы заңсыз айналымнан шамамен үш тонна есірткі, оның ішінде 840 килограмм синтетика тәркіленді. Бұл үш миллионнан астам бір реттік дозаға тең. Есірткі бизнесіне келтірілген шығын 29 миллиард теңгеден астам. 11 тонна прекурсор айналымға жіберілмеді. Шамамен 6 мың қазақстандық және 108 мың шетелдік карт-шот бұғатталып, олар бойынша барлық транзакция түріне шектеу қойылды. 93 миллион теңге көлеміндегі қаражат тоқтатылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.






