Жамбыл жаңалықтар

500-ден астам жол-құрылыс материалдарынан сынама алынды

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы – 8 612 шақырымды құрайды

Биыл «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» құрылғанына 6 жыл. Осынау мерзім ішінде аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиалдарының қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Есепті кезеңде жамбылдық жолшылар республикалық желі бойынша 33 нысанға 300 инспекция ұйымдастырып, 407 сынама алған. Нәтижесінде, 21 сынама сәйкессіздік  көрсетіп,  15-і түзетілген. Өңірлік филиалдың сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, мұндай жұмыстары облыстық және аудандық желі бойынша да жүргізілген.