«Адал азамат» бағдарламасы аясында құқықтық тәрбие берудің жаңа тәсілдері талқыланды
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 қараша, 2025
- 235
Семинар жұмысына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер және педагогтер, барлығы 500-ден астам педагог қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда ата-анамен бірлескен жұмыстың тиімді жолдарын айқындау, құқық бұзушылықтың алдын алу мен отбасындағы құқықтық тәрбиенің рөлін арттыру.
Семинар барысында қатысушылар құқықтық тәрбиенің мазмұны мен маңызын терең түсініп, ата-анамен өзара ықпалдастықтың тиімді жолдарын талқыланып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда отбасының рөлін айқындап, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті.
Семинарда ата-аналармен жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдері, құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың жауапкершілік сезімін дамыту жолдары қарастырылды.
Жиын соңында соңында қатысушылар ата-анамен серіктестік орнатудың құқықтық тәрбие сапасын арттырудағы шешуші фактор екенін атап өтті.
Мектептерде ата-аналармен жүргізіліп жатқан үздік тәжірибелер ұсынылып, пікір алмасу мен ортақ мәселелерді шешудің жолдары қарастырылып және әдістемелік көмектер алды.






