Ассамблея мүшелері жаңа Заңға қатысты ойларын ортаға салды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 14:07
- 78
Жамбыл облыстық Ассамблея өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, ел болашағын айқындайтын құжат жөніндегі ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында облыстық коалиция мүшелері Гулам Умаров, Айнұр Келімбетова, Еркін Атымтаев жаңа Ата Заңның ерекшеліктері мен маңызына мән беріп өтті.
Өз сөзінде халық қалаулысы Айнұр Келімбетова Конституцияның 77 бабына өзгеріс енгізуді көздейтін жаңа жоба әзірленгенін, бұл жалпы мәтіннің 84 пайызын қамтитынын атап өтті.
Сондай-ақ жаңа Конституциялық жобаның азаматтық қоғам институттарына негізделгенін жеткізді.
Бұдан бөлек, жиында ҚХА өкілдері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы 15 наурыздағы жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады.




