Ауыз сумен қамту – 100% көрсеткішке жақын
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін елді мекендерді 100% сапалы ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысында нақты шаралар қабылдануда.
• Биыл 15,4 млрд теңгеге қаржы бөлініп, 36 ауылдық елді мекен мен 9 тұрғын алқапты (Тараз қаласында – 5, Шу қаласында – 4) сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген.
• Жобалар іске асқаннан кейін облыстағы елді мекендердің ауыз сумен қамтылу деңгейі 100%-ға жетеді (2024 жылы: ауылдар – 98,1%, қалалар – 98%).