Қайырымдылық күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 15 наурыз, 2026
- 137
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде 15 Наурыз-Қайырымдылық күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара барысында сотталған азаматтар қайырымдылықтың маңызы туралы әңгімелесіп, бір-біріне құрмет пен қолдау көрсету – адамдық қасиеттің басты белгісі екені айтылды. Сонымен қатар қатысушылар игі істер жасау арқылы қоғамға пайда келтіру әр адамның парызы екенін атап өтті.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар сотталған азаматтардың бойында мейірімділік, жанашырлық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара соңында егде жастағы сотталғандар мен мүгедектігі бар сотталған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында Алғыс хаттар табысталып,Абай Құнанбайұлының Қара сөздер кітабынан
Адамгершілік, жақсылық жасау, бір-біріне көмектесу, мейірімді болу туралы терең ойлар жазылған үзінділер оқылып берілді.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Референдумда 101 жастағы қария дауыс берді
Ұқсас жаңалықтар
«Конституция» есімді тараздық тұрғын референдумға қатысты
- авторБақытжан Бекболат
- 15 наурыз, 2026





