Бүгін Жамбылдағы қай жолдар жабық
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2026 жылғы 8 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектелді:
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238ө-шақырым (Кенен ауылы – Қайнар ауылы аралығы).
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.