Жамбыл жаңалықтар

“Бұршақ пен дауыл”: Жамбыл облысында ауа райы бұзылатыны ескертілді

Әсіресе таулы аумақтарда табиғат тосын мінез көрсетеді

Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 - Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!,- деп ескертті жауапты ведомство.