Жамбыл жаңалықтар

«Бақытты отбасының құпиясы – кітап»: Жамбылда ерекше шара өтті

Шара барысында балабақшадағы балаларға арналған заманауи кітап оқу кеңістігі таныстырылды.

«Ұлттық кітап күніне» орай Жамбыл облысындағы балабақшалардың бірінде «Бақытты отбасының құпиясы - кітап» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара отбасы құндылықтарын нығайтуға, балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және ерте жастан оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Бұл шарада кітаптың бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше екені айтылып қана қоймай, кітапты ата-анамен бірге оқудың отбасы байланысын нығайтудың тиімді жолы екеніне екпін салынды.

Шара барысында балабақшадағы балаларға арналған заманауи кітап оқу кеңістігі таныстырылды. Орталықта кішкентай оқырмандар үшін ыңғайлы оқу аймақтары, ерекше дизайндағы кітап сөрелері және түрлі жастағы балаларға арналған әдебиеттер қоры ұсынылған.