бейсенбі, 19 ақпан, 2026 3:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бақытжан Советұлының шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

Бақытжан Советұлының шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті
Фото - ашық дереккөз
Тағылымы мол кездесуде жастарға өнеге болар терең ойлар айтылып, ұлттық рух пен рухани құндылықтардың маңызы дәріптелді.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының төрінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», белгілі қаламгер, сатирик, балалар ақыны Бақытжан Советұлының шығармашылығына арналған «Сөзбен түйреп, оймен түзеу» атты тағылымды әдеби кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Рухани кештің шымылдығы жазушы шығармаларынан үзінділер оқумен түріліп, көрермен қауым қаламгер әлеміне терең бойлады. Сатира жанрындағы шоқтығы биік туындылары арқылы қоғамдағы келеңсіздіктерді астарлы әзілмен жеткізе білетін шеберлігі ерекше атап өтілді. Оның әрбір мысқылы – ой салатын, әрбір әзілі – астарлы ақиқат екені айтылды.

Сонымен қатар, балалар әдебиетіне қосқан қомақты үлесі де кеңінен сөз болды. Ақынның балғын жүректерге жол тапқан шумақтары – тазалық пен адалдықтың, мейірім мен ізгіліктің жаршысы екені кеш қонақтарының жүрекжарды пікірлерінен анық сезілді.

Кеш барысында замандастары мен оқырмандары естеліктерімен бөлісіп, қаламгердің азаматтық болмысы, адамгершілік қасиеті жайлы сыр шертті. Олар Бақытжан Советұлының сөз құдіретін қару етіп, қоғамды түзетуге ұмтылған шынайы қалам иесі екенін ерекше ықыласпен жеткізді.

Кеш әсерлі әңгімелерге, шынайы тебіреніске, жүрекке жылу сыйлаған жылы лебіздерге толы болып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар