Бас мүфти Тараздағы сотталғандармен кездесу өткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 28 қараша, 2025
- 391
Бүгін, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесіне Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми сапармен келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар аясында мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен топтық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге дінге сенуші сотталғандар толық қатысып, рухани тәрбие, адамгершілік құндылықтар және түзу жолға түсу тақырыптары бойынша сұрақтар қойып, мазмұнды әңгіме өрбіді. Бас мүфти өз сөзінде имандылықтың адам өміріндегі маңызына тоқталып, сабыр, тәубе және кешірім секілді құндылықтардың қоғамға қайта бейімделудегі рөлін атап өтті.
Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы мекеме кітапханасына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты еңбегін сыйға тартып, жазасын өтеушілерге рухани қолдау білдірді.
Аталған шара сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға және олардың оң бағытта қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






