дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 21:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірыңғай ақпараттық жүйесінде 393 жоба іске асырылды

Бірыңғай ақпараттық жүйесінде 393 жоба іске асырылды
Фото - ашық дереккөз
Оның ішінде 253 жоба аяқталған

Былтыр республикалық бірыңғай жобалық басқару ақпараттық жүйесінде Жамбыл облысы бойынша 393 жоба іске асырылған. Бұл туралы «Жамбыл облысы жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-нің басшысы Гүлпара Ташенова айтты,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Спикердің сөзінше, облыс бойынша бірыңғай ақпараттық жүйесінде 30-ден астам есептік жазба ашылған. Яғни бұл 300-ден астам қызметкер ақпараттық жүйеде жұмыс атқаратынын көрсетеді.

- Жергілікті атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес "Адами капитал", "Кәсіпкерлік және өнеркәсіп", "Инфрақұрылым", "Агроөнеркәсіптік кешен", "Үлгілік базалық"  сияқты бес базалық бағыт бойынша өңірлерді дамыту Бағдарламасын іске асырудың бірыңғай жобалық архитектурасы айқындалды, - деді Гүлпара Тәшенова.

Биыл Жамбыл облысы бойынша бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі -АЖ) аталған бес негізгі бағыт аясында жалпы 146 жоба енгізілді:

«Адами капитал» бағыты бойынша – 8 жоба;

«Инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша – 18 жоба;

«Кәсіпкерлік және инновация» бағыты бойынша – 1 жоба;

«Агроөнеркәсіптік кешен» бағыты бойынша – 107 жоба;

«Үлгілік базалық бағыт» бойынша – 13 жоба.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары, Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар, Президент Әкімшілігі тапсырмасы және т.б. жол карталарында айқындалған жобалар іске асырылған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар