жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев өнеркәсіп және су үнемдеу салаларындағы жұмыстармен танысты

Ербол Қарашөкеев өнеркәсіп және су үнемдеу салаларындағы жұмыстармен танысты
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласындағы егістік алқаптарды, су шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыс әкімі суармалы су мәселесінің жылдан-жылға өзекті болып бара жатқанын айтып, қолда бар суды үнемді, тиімді және мақсатты пайдаланудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Өңірдегі жерасты суының мол қорын тиімді игеру үшін ұңғымалар қазу, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қажеттігіне тоқталды. Бұл бағытта шаруаларға мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.

Сапар барысында аймақ басшысы агроөнеркәсіптік нысандардың құрылыс жұмыстарын көріп, жауапты мердігерлерге құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды ескертті. Ауыл шаруашылығын дамыту – облыс экономикасының маңызды тірегі екенін атап өткен әкім бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасатынын жеткізді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар