дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтады
Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтынан
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыс тұрғындарын Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Қадірлі жамбылдықтар!

Құрметті соғыс ардагерлері, тың еңбеккерлері!

Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сұрапыл соғыста жауынгерлеріміз алдыңғы сапта жүріп, асқақ рух, өшпес ерліктің, қаһармандық пен қайсарлықтың ерен үлгісін көрсете білді.

Жамбыл жерінен майданға аттанған жүз мыңдаған сарбаздың көбісі отанына оралмады. Еңбек даласында да көптеген жерлестеріміз аянбай тер төкті. Олардың бәрі Жеңісті жақындатуға күш салды. Осылайша, бірлік пен батылдықтың арқасында ортақ жеңіске қол жетті. Бұл тарихи күн қазақстандықтар үшін де үлкен маңызға ие.

Бабалар рухына тағзым етіп, ардагерлерімізді ардақтау, олардың ерлік жолдарын ұрпаққа үлгі ету - бәріміздің азаматтық парызымыз.  

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды! 

Арамыздағы ардагерлер мен тыл еңбеккерелеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету – бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі.

Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды, елдігіміз мәңгі болсын!», делінген облыс әкімінің құттықтауында. 
 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар