Жамбыл жаңалықтар

Халықаралық адам құқықтары күніне орай дөңгелек үстел өтті

Жыл сайын 10 желтоқсанда әлемде Халықаралық адам құқықтары күні аталып өтеді. Бұл күн – 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына негізделген маңызды мереке.

Осы атаулы күн қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі, Жамбыл облысы бойынша ҰПМ басшысы Д. Р. Халидов арнайы шақыртылды. Шара барысында апартеид кезеңінде адам құқықтары үшін күрескен, Оңтүстік Африка Республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті Нельсон Ролилахла Манделаның өмірбаяны, сондай-ақ оның еңбектері мен деректі фильмдері талқыланды.