Жамбыл жаңалықтар

«Көне Тараз» кешенінде 5 мыңға жуық жастың қатысуымен LIVE-концерт өтті

Кеш аясында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Сәкен Ермек пен Қарақат Тұрсынхан қатысушылармен кездесіп, жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде жастарға арналған LIVE-концерт шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен ұйымдастырылған кешке 5 мыңға жуық жас қатысты.

Концерт барысында қазақстандық эстрада орындаушылары IL’HAN мен BAYANSULU сахнаға шығып, танымал әндерін орындады. Концерт жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мәдени-көпшілік форматта өтті.

Кеш аясында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Сәкен Ермек пен Қарақат Тұрсынхан қатысушылармен кездесіп, жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ оның қоғам үшін маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тараздықтар 15 наурызда өтетін референдумға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат алып, өз таңдауын жасауға шақырылды.