сейсенбі, 21 сәуір, 2026 17:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық кітап күні: Таразда тағылымды шара өтті

Ұлттық кітап күні: Таразда тағылымды шара өтті
Фото - Jambylinfo.kz
Кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың жүрегіне кітапқа деген сүйіспеншілік ұялату

«Ұлттық кітап күніне» орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Кітап Time» клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың жүрегіне кітапқа деген сүйіспеншілік ұялату, көркем әдебиеттің құдіретін сезіндіру және ұлттық руханияттың алтын арқауын насихаттау болды.

Кездесу барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» атты тағылымы мол туындысы терең талқыға түсті. Шығармада соғыс жылдарының зобалаңы, адам тағдырының қилы кезеңдері, үміт пен күрестің мәңгілік тартысы шынайы бейнеленіп, оқырман жүрегіне жол табады.

Іс-шара жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликпен бастау алып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының үйірме жетекшісі Абылқайыр Сәрсенбай терме орындап, ұлттық өнердің мәйегін ұсынды. Ал «Ақберен» үйірмесінің шәкірті Мирас Жамалбек кітапқа арналған жүрекжарды арнауын әсерлі жеткізді. Күй күмбірлеп, кештің көркін аша түсіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Кітап талқылау бөлімінде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, шығарма төңірегінде мазмұнды пікір алмасты. Бұл тағылымды кездесу көпшіліктің көңілінде терең із қалдырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар