жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқу жылы басталғанға дейін Жамбыл облысының 500-ден астам мектебі балалардың қауіпсіздігі үшін ЖБО-ға қосылады

Оқу жылы басталғанға дейін Жамбыл облысының 500-ден астам мектебі балалардың қауіпсіздігі үшін ЖБО-ға қосылады
Фото - ашық дереккөз
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

  Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысы барысында өңірде мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның айтуынша облыс бойынша жалпы  770  білім беру нысаны террористік  тұрғыдан  осал  нысандар қатарына енгізілген. Оның ішінде  541 мемлекеттік және 229  жекеменшік  нысан бар.  

    «Қазіргі таңда 122 жекеменшік білім беру ұйымы жедел басқару орталығына қосылған.  541 мемлекеттік білім беру нысанын жедел басқару орталығына қосу мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін аталған нысандар  жедел  басқару орталығына қосылады»,  - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Әкім бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда екенін атап өтті. ҚР Премьер-министрі аталған жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.

   «Барлық өңірлер екі апта ішінде қауіпсіздік жүйелерін толықтай қосуды қамтамасыз етсін», -  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар