Облыста 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары ел игілігіне берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 1 желтоқсан, 2025
- 155
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде 3,1 млрд теңгеге 21 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймақ басшысының сөзінше, биыл 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары пайдалануға берілген.
- Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8%-ға, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9%-ға дейін жетті. Облыс спортшылары жыл басынан бері түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1534 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 488-і алтын, 492-і күміс, 554-і қола. Айрықша атап өтетін жайт, Токио қаласында өткен дүниежүзілік деңгейдегі XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына біздің өңірден 12 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Тараз қаласында 3,5 млрд теңге бюджеттен тыс қаржы есебінен балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды, - деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





