дүйсенбі, 8 желтоқсан, 2025 11:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қолайсыз ауа райы: Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы: Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.com
Жамбыл облысында 8 желтоқсан күні ауа райы күрт нашарлайтыны туралы ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, түнде өңірдің таулы аудандарында қатты қар жауып, күндіз нөсер жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Түнгі уақытта таулы аймақтарда жаяу бұрқасын соғып, көріну қашықтығы төмендейді. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ орын алуы ықтимал. Сонымен қатар кей кездері тұман түсіп, жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне әсер етеді.

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні таулы өңірлерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Тараз қаласында да 8 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығынан сақтанып, жолда аса мұқият болуға шақырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар