дүйсенбі, 8 желтоқсан, 2025 19:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Онлайн сатып алулар және алаяқтық: тәжірибе мен ескерту

Онлайн сатып алулар және алаяқтық: тәжірибе мен ескерту
Pixabay.com
Жалпы соңғы 3 жылда аймақта қаржы пирамидаларынан 200-ден астам азамат зардап шеккен.

Шындығында да интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалу оңай. Бірі банк менеджерімін деп хабарласса, енді бірі ғаламторға жалған жарнама беріп алдайды. Жеңіл табысқа құмартқандарға керегі жеке мәлімет пен ұялы телефонға келетін хабарлама ғана. Кейін шоттағы ақшаны аударып алады не болмаса банктен онлайн несие рәсімдейді. Мұндай қылмысты зерттеу де қиын. Өйткені кибералаяқтардың дені ұйымдасқан топтар. Әрі әлемнің әр түкпірінде отырып жұмыс істей береді.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінде 2025 жылдың алғашқы 6 айында қаржы пирамидасын және заңсыз ойын-сауық бизнесін ұйымдастыру деректері бойынша 6 қылмыстық іс тіркелген. Жалпы соңғы 3 жылда аймақта қаржы пирамидаларынан 200-ден астам азамат зардап шеккен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы, полковник Руслан Касимовтың айтуынша, былтыр заңсыз контенті бар сайттардың жұмысын тоқтату іс-шарасы аясында 3 014 сілтеме бұғатталған. Ал осы жылдың 6 айында департамент 2 000-нан астам заңсыз контенті бар сілтемені жойыпты. Олардың барлығының құқыққа қайшылығы расталған. Сонымен қатар 792 қатысушысы бар «Күнделікті табыс», «Жұмыс тобы» атты 2 «WhatsApp» чаты жабылыпты.

Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігінің жоғары оқу орындарында «Цифрлық гигиена» тақырыбында дәрістер өткізу туралы тапсырмасын орындау аясында департамент Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттер мен оқытушылар құрамына арнап дәріс ұйымдастырыпты.

- Құқықтық санасы дамыған қоғам – өзін-өзі реттей алатын, әкімшілік ресурстардың араласуынсыз өмір сүретін қоғам. Заңдылықты сақтау, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Қарапайым тілмен айтқанда, адам заңның негіздерін біліп, заңды қызмет пен алаяқтардың «жылдам пайдаға» қатысты уәделерінің арасындағы айырмашылықты түсінсе, оны алдау қиын болады. Бұдан бөлек, жоғары моральдық және құқықтық стандарттары бар азаматтар өздерінен бөлек қоғамға да талап қояды, нәтижесінде құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты қалыптасады. Сондықтан департамент ұйымдастырған Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетте өткізілген іс-шара қаржылық қауіпсіздік негіздерін нығайтуға, жастар мен білім саласы қызметкерлерін түрлі алаяқтықтардан қорғауға арналды. Дәріс соңында аталмыш оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Студенттерге арналған дәрісте жастар «дроппер» схемаларының құрбанына жиі айналып жүргенін ескере отырып, дропперлікке қатысты қылмыстар туралы айтылған. Лекция барысында Қаржылық мониторинг агенттігінің бейнероликтері мен слайдттары көрсетілген, - дейді облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы, полковник Руслан Касимов.

Бұл тақырыптағы дәрістер облыстың барлық жоғары оқу орындарын қамтиды. Сонымен қатар қазіргі таңда облыс әкімдігі білім басқармасымен бірге өңірдің барлық мектептері мен колледждерінде «Цифрлық гигиена» және «Қаржылық қауіпсіздік» бойынша сабақтар өткізу мәселесі қарастырылып жатыр екен.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар