Қордай ауданында колледж базасында заманауи тігін цехы іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:41
- 1
Жамбыл облысындағы №7 Бетқайнар колледжінде заманауи тігін цехы іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Колледждің бос ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шағын кәсіпорынды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Нәтижесінде толық жабдықталған тігін цехы пайдалануға берілді. Мұнда «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенттері дипломалды тәжірибеден өтіп, нақты тапсырыстарды орындауда. Бұл орта оларға кәсіби құзыреттерін дамытуға және еңбек дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Цехта ұлттық және заманауи стильдегі киімдер, сондай-ақ арнайы жұмыс киімдері тігіледі. Колледждегі шағын кәсіпорын студенттерді нақты өндірісте кәсіби маман ретінде дайындайтын алаң. Ұлттық және заманауи киімдерді тігіп, нақты тапсырыстар орындау арқылы студенттер бәсекеге қабілетті маман болуға дайындалады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Әйелмен әлем әдемі» атты фестиваль-байқау өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жамбылда психологтарға арналған ауқымды форум өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 27 наурыз, 2026




