Қордайда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетел азаматтары ұсталды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 тамыз, 2025
- 428
2025 жылдың 30 шілдесінде Жамбыл облысы аумағында шекара бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментіне қарасты Қордай ауданы шекара басқармасының әскери қызметшілері бейнебақылау жүйесінің көмегімен заңсыз өту әрекетін дер кезінде анықтаған.
Нәтижесінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан аумағына өтпек болған Пәкістан Ислам Республикасының бір азаматы және Бангладеш Халық Республикасының төрт азаматы қолға түсті.
Қазіргі таңда құқық бұзушылықтың мән-жайы уәкілетті органдар тарапынан тексерілуде. Ұсталғандарға қатысты процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.
Шекара қызметінің мәліметінше, мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында бақылау жүйелері мен қадағалау жұмыстары күшейтілген.






