Психопрофилактикалық іс-шара өткізілді
Аталған іс-шараға мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысты
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің бастамасымен “Құқықтық тәртіп” режимдік бақылау бағдарламасы аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 PM мекемесінде кезекті психопрофилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Суицидтің алдын алу және қасақана тәртіп бұзушылықтарды болдырмау жұмыстарын жүргізу барысында сотталғандардың туыстарын, өңірлік қоғамдық кеңес (ӨҚК) өкілдерін, Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ) қатысушыларын, сондай-ақ азаматтық сектор психологтарын, үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ), қоғамдық қорларды (ҚҚ), қоғамдық бірлестіктерді (ҚБ), жоғары оқу орындарын (ЖОО) және ҚАЖ департаменті жанындағы Қамқоршылық кеңесін тарту көзделген. Бұл шаралар сотталғандардың көңіл-күйін реттеуге, оң ықпал етуге және заңға бағынатын мінез-құлықты ынталандыруға бағытталған.
2024 жылы өтеусіз негізде жасалған Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум талаптарына сәйкес, Жоғары оқу орнының аға оқытушы-психологы Маханова Айгүл Нұрланқызы 2025 жылғы 13 қарашада суицидтің алдын алу тақырыбында оқу-тәрбиелік іс-шара (сабақ) өткізді.
Аталған іс-шараға мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысты. Сабақ соңында сотталғандар өткізілген шараға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.