Республика күні: Таразда Ту көтеру рәсімі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қазан, 2025
- 303
Бүгін Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтіп, Мемлекеттік Ту көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, қала әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, белсенді жастар мен өзге де шаһар тұрғындары қатысты.

"Оңтүстік" әскери қолбасшылығының үрмелі оркестрі, мемлекеттік гимнді орындады. Жиналған жұртшылық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын асқақтата орындап, көк Тудың көкте қалықтауын зор мақтанышпен тамашалады.
Сонымен қатар К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның және Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерден шашу шашты.






