Шуда өткен турнирде жуалылық бүлдіршіндер жеңіс тұғырынан көрінді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:48
- 1
Шу ауданының Белбасар ауылында Данияр Біржан Бағланұлын еске алуға арналған футзалдан аудандық ашық турнир өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Додаға аймақтың түрлі өңірлерінен жасөспірім командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Осы бәсекеде Жуалы ауданының жас футболшылары ерекше көзге түсіп, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
Турнир бойы жас спортшылар шеберліктерін, табандылығын және шын мәніндегі командалық ойынын жан-жақты көрсете білді. Әр матчта олар соңына дейін күресіп, қарсыластардың деңгейіне қарамастан, бар күш-жігерін салды. Әсіресе шабуылдағы батылдық пен қорғаныстағы жинақылық олардың ойын өрнегін айқындай түсті.
Жуалылық футболшылардың бұл жетістігі – үздіксіз жаттығудың, бапкерлердің еңбегі мен жас спортшылардың орындалған мақсат жолындағы бірлігінің нәтижесі. Команданың жеңіске деген ерік-жігері мен алаңдағы өзара түсіністігі оларға жүлделі орыннан көрінуге мүмкіндік берді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





