Сотталған азаматтар акварель бояуларымен шығармашылығын дамытты
Іс-шара "Арт терапия" деп аталады
№ 58 Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме психологтары профилактикалық есепте тұратын сотталған азаматтармен «Арт терапия» топтық түрінде жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шараның басты мақсаты – сотталғанның өзін-өзі тану, шағармашылық қабілетін дамыту, қорқыныш пен үрейден арылу, мазасыздану мен агрессия көрсеткішін төмендету, психоэмоционалдық жағдайын жақсарту және өз жанұя мүшелерін қағаз бетіне түрлі-түсті бояулармен әртүрлі гүлдерге баламалап бейнеледі. Өткізілген әдістемеден кейін сотталған азаматтарға салған суреттеріне қарай интерпретация берілді.
Сотталғандар кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісіп, жағымды әсер алғандарын айтып өтті.