Сотталғандар “Қажымұқан” фильмінен рухани тәрбие алды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қыркүйек, 2025
- 367
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға рухани және тәрбиелік бағыттағы іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Облыстық халық шығармашылығы орталығының» ұйымдастыруымен жазасын өтеушілерге қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен ерлігін арқау еткен «Қажымұқан» көркем фильмі көрсетілді.
Фильм көрсетілімінің басты мақсаты – жазасын өтеушілердің бойында отансүйгіштік, қайсарлық, табандылық секілді асыл қасиеттерді ояту, ұлттық құндылықтарды насихаттап, ел тарихындағы көрнекті тұлғалардың өмір жолы арқылы жастарға үлгі көрсету болды.
Шара барысында қатысушылар фильмнен үлкен әсер алғандарын айтып, рухани азық алғандарын жеткізді. Мұндай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.






