Жамбыл жаңалықтар

Сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер марапатталды

Оларға Алғыс хаттар табысталды

Таразда сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биылдан бастап, яғни 2025 жылдан бастап 29 қазан Қазақстанда ресми түрде кәсіби мереке – «Кәсіпкерлер күні» болып белгіленді.Осы тиісті бұйрыққа, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2025 жылы 30 шілдеде қол қойылған, 

Дәл осы күнді таңдау, маңызды тарихи оқиғаға байланысты, яғни 2015 жылы 29 қазанда ҚР Кәсіпкерлік кодексі қабылданған болатын. Осы мереке қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінің басшы құрамы, мекеме аумағынан жұмыс орындарын ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлердің еңбегін елеп, қызметтеріне табыс тілеп, алғыс хатпен марапаттады.