сейсенбі, 21 мамыр, 2024 2:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түрік инвесторлары Жамбыл облысында ірі зауыттар салады

Түрік инвесторлары Жамбыл облысында ірі зауыттар салады
Сурет: облыс әкімінің баспасөз қызметі
Облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек түрік серіктестерімен құжатқа қол қойды

Жамбыл облысында ірі зауыттар салу бойынша түрік инвесторларымен тиісті келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Анкараға (Түркия) сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды.

«Сондай-ақ Жамбыл облысында тұқым шаруашылығы және инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.Түркиялық инвесторлар аймақта суару жабдықтарын құрастыратын екі зауыттың құрылысын бастауға дайын. Инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы тиісті келісімдерге «Ardent Plastik A.S.» және «Atlantis A.S.» түрік компаниялары қол қойды», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, форум аясында «TSUAB» тұқым өндірушілер мен өнеркәсіпшілер және «TUKIB» түрік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастықтары арасында тұқым шаруашылығы және инвестициялар тарту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Айта кетейік, «Ardent Plastik A.S.» Түркиядағы жетекші компанияның бірі. Жоғары сапалы суару өнімдерін, соның ішінде жаңбырлату жүйелерін, тамшылатып суару құбырларын, пластикалық құбырлардың бірнеше түрін шығарады. Компания 1979 жылы құрылған, өнімдерін 35-тен астам халықаралық нарыққа шығарады. «Atlantis» компаниясы 1998 жылы Ыстанбұлда құрылған.

Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізге шетелдік инвестициялар тартуды арттырып, инвестициялық климатты жақсарта беруді тапсырған еді.

«Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз», - деген еді Мемлекет басшысы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар