Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:00
- 491
Қала әкімінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі №139-ж/қ өкіміне сәйкес, Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Дамир Жаманбаев тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дамир Исмаилбекұлы 1985 жылы 1 қазанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары:
2009 жылы – Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Кәсіптік оқыту» мамандығын;
2011 жылы – Тараз техникалық институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2012 жылы Жамбыл ауданы әкімиятының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастаған;
2012-2013 жж. – Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы;
2014-2017 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім басшысы;
2018-2022 жж. – Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім басшысы;
2022-2023 жж. – Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім басшысы;
2023-2024 жж. – Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
2024-2026 жж. – Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы лауазымын атқарған;.
Жаңа орынбасардың құзыретіне коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, көлік, тұрғын үй қатынастары, жер қатынастары, сондай-ақ құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері кіреді.






