Тараз көшелерінің бірінен кәсіпкердің мәйіті табылды
Қаза тапқан азамат бұрын жергілікті нан зауыттарының бірін басқарған.
Тараз қаласында 35 жастағы ер адамның оқ жарақаты бар мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ сілтеме жасап.
Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай 29 наурыз күні таңғы уақытта Ыбырайым Сүлейменов көшесіндегі банк бөлімшесінің маңында болған. Қаза тапқан азамат бұрын жергілікті нан зауыттарының бірін басқарған.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиғаға қымбат жол талғамайтын көлік сатып алуға байланысты туындаған ірі қаржылық дау себеп болуы мүмкін.
Бұл жайтқа Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство өкілдері мәйіттің табылғанын растады және ресми тергеу басталғанын мәлімдеді.