сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 16:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 43 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды

Таразда 43 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды
Фото: Polisia.kz
Құқық бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Тараз қаласында өткен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тексеру барысында аталған азаматтың 43 рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, оның барлығы жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырумен байланысты екені белгілі болды. Жүргізуші жол ережелерін елемей, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

 Жалпы, жыл басынан бері «Борышкер» іс-шарасы аясында 5 353 автокөлік арнайы тұраққа жеткізілген.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы талаптарын сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға шақырады. 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар