Жамбыл жаңалықтар

Таразда «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» хакатоны өтті

Шарада  9 топ бақ сынады

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті бас ғимаратының мәжіліс залында «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» хакатоны өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жобаның мақсаты – тұрақты даму, ақпараттық технологиялар және білім беру салаларында жобалар прототиптерін әзірлеу, талантты жастар мен стартаптарды экологиялық трансформацияны қолдау, сондай-ақ білім беру процесстерінде жасыл технологиялар туралы хабардарлықты арттыру.

Хакатон қорытындысы бойынша 9 топ бақ сынап, командалардан үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды және  І орын иегеріне республикалық деңгейдегі хакатонға қатысуға мүмкіндік берілді.

Атап айтқанда III орын иегері Жоғарғы Тараз көпсалалы колледжінің «Империал» тобы, ал жүлделі II орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Ұшқын» тобы еншілесе, І орынды Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Алаш» тобы иеленіп, республикалық деңгейдегі хакатонға жолдама алды.

Жоба Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында өткізілді.