сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 20:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды

Таразда сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды
Фото - ашық дереккөз
Аталған жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, олардың моральдық-этикалық құндылықтар туралы түсінігін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №67 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімше қызметкерлері сотталғандармен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығымен бекітілген «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларына» сәйкес жүйелі түрде тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы бағытта «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесі қарсаңында мекемеде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында бірқатар мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында қатысушылардың белсенділігі артып, патриоттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және салауатты өмір салтын ұстануға баса назар аударылды.

Өткізілген іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың оң мінез-құлқын қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етті.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар