жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда студенттерге тегін құқықтық кеңес берілді

Таразда студенттерге тегін құқықтық кеңес берілді
Фото - ашық дереккөз
Акция барысында жастар мен ата-аналарға заң саласы бойынша кеңестер беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң клиникасы Жамбыл облысы Әділет департаментімен бірлесе отырып, адам құқықтарын құрметтеу және әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында халыққа тегін заң көмегін ұсыну бойынша акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға Жамбыл облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы орынбасары Пралиев Бақыт Мейірбекұлы, заңгер-кеңесші Барлыбаева Лаура Ермұханқызы, сондай-ақ Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң клиникасының меңгерушісі Мусаева Алия Январбекқызы қатысты.

Акция барысында жастар мен ата-аналарға заң саласы бойынша кеңестер беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар әрбір азаматтың заң талаптарын орындауы – өз құқықтарын қорғаудағы және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам екендігін атап өтті.

Тәртіп пен заңдылықты сақтау – қоғамдағы тыныштықтың кепілі

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар